Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында пробация есебіндегі 8 сотталғанға азық-түлік таратылды

Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық пробация есебіндегі әлеуметтік жағдайы төмен 8 сотталғанға азық-түлік таратылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жаңақорған аудандық пробация есебіндегі әлеуметтік жағдайы төмен 8 сотталғанға қайырымдылық жасау мақсатында азық-түлік таратылды. Нақтырақ айтқанда, бұл көмек аудандық жұмыспен қамту бөлімі тарапынан, күнделікті тұрмыста қолданылатын картоп көкөнісі үлестірілді.

Бұл шараның мақсаты – сотталғандарды қоғамға бейімдеу, оқшауланған мінездің көпшілік ортаға араласып, қалыпты өмір салтын ұстанып, түзу жолға түсуіне ықпал ету.

– Сондай-ақ сотталғандарға әлеуметтік көмек көрсету мен қатар қайта қылмысқа барудың қауіптілігі, түзу жолға түсіп, қоғамды дамытуға мүмкіндіктері бар екенін түсіндіру жұмыстары да жүргізілді, – дейді ҚАЖД қызметкері Әсет Мұратбаев.

– Пробация қызметкерлеріне әртүрлі көмек түрлерімен жүгінеміз. Бізге үнемі көмектесіп, мәселемізді заң шеңберінде шешіп береді. Осы жылдың басында да аудандағы кәсіпкерлер тарапынан азық-түлік жиынтығына көмектесті. Қазір азық-түліктің бағасы қымбат. Бұл біз үшін бұл үлкен көмек, – деді есептегі азамат.

Көмек алған сотталғандар ризашылық көңілдерін жеткізіп, пробация қызметкерлері мен аудандық жұмыспен қамту бөлімінің өкілдеріне алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру