Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада сауда үйінде ұрлық жасаған азамат бейнебақылау камерасына түсіп қалды

Қызылорда қаласы ПБ-ға криминалды полиция бөлімінің қызметкерлері “ізін суытпай” ұрлық қылмысын ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

9 тамыз күні қала аумағындағы екі зергерлік дүкенде ұрлық дерегі болды. Жәбірленушілер сауда жасап тұрғанында ұры оңтайлы сәтті пайдаланып, екі алтын алқасын ұрлап кеткен. Келтірілген материалдық шығын – 300 мың теңге.

Полиция қызметкерлерінің кәсіби және жедел әрекеттерінің арқасында осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен бұрын сотты болған 29 жастағы Атырау қаласының тұрғыны ұсталды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігі 2-тармағы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Күдікті азамат басқарманың уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Полицейлер оның басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру