Алматыда екі дос мопед ұрлағаны үшін жауапқа тартылды
Алматыда екі дос мопед ұрлағаны үшін жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Екі дос бөтеннің мүлкін ұрлауды негізгі табыс көзіне айналдырған. Күдіктілер бұл ұрлығын түнде Саялы шағын ауданында жасаған.
– Анықталғандай, 19 және 20 жастағы азаматтар бұдан бөлек алты қылмыстық дерекке қатысы бар. Осы бағытта олардың жеке басы анықталып жатыр. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді Алатау аудандық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.
ҚР ҚПК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды.
ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.