Ақмола облысының полицейлері жоғалып кеткен жігітті іздеп жатыр
Ақмола облысының полицейлері жоғалып кеткен жігітті іздеп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
23 тамыз күні Қосшы қаласының полиция бөліміне жергілікті тұрғын жоғалып кеткен 19 жастағы ұлын іздеуге жәрдемдесу туралы өтінішпен жүгінген. Әйел ұлының бір күн бұрын дүкенге кетіп, қайтып оралмағанын хабарлаған. Жасөспірімнің телефоны да өшіріліп тұр.
Өздері іздеп таба алмағасын, туыстары полицияға жүгінген. Анасының айтуынша, бұрын жасөспірім үйден кетіп қалған жағдайлар болған, алайда бұл жолы өзімен бірге жеке заттарын да алып кеткен.
Өтініш берілген күннен бастап полиция бөлімінің жеке құрамы жоғалған азаматты іздеуге кіріскен.
Азаматтың хабат-ошарсыз кеткені туралы ақпарат және бағдарлар полиция департаментінің барлық аумақтық бөлімшелеріне және көршілес өңірлерге жіберілген. Іздеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Елбрусов Сержанның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпараты бар адамдарға “102” нөмірі бойынша дереу полицияға хабарлауға шақырамыз.
Үйден кеткен кезінде ол ақ жолақтары бар көк түсті спорттық костюм киген және өзімен бірге Iphone телефоны болған.
Сержан Елбрусовтың бойы 175-180 см, дене бітімі – арық, шашы қара, қысқа, көзі қоңыр, мұрны түзу, ерні жұқа.