Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шығыста әскери тәрбиешілер бас қосты

Ұлттық ұланның “Шығыс” өңірлік қолбасшылығына қарасты 3477 әскери бөлімінің дағдарысқа қарсы оқу-жаттығу орталығы базасында ҚР Ұлттық ұланының тәрбие құрылымдары офицерлерінің практикалық даярлау бойынша үш күндік жиыны басталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жиынға еліміздің түкпір-түкпірінен өңірлік қолбасшылықтар қолбасшыларының, aкадемия бастығының, әскери бөлімдер мен “Бүркіт” арнайы жасақ командирлерінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасарлары келді.

Шара жетекшісі – Ұлттық ұлан бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары, Халық қаһарманы Қайрат Үмбетов әскердегі жеке құрамның тәрбие жұмысын жаңа деңгейге көтеру үшін бірқатар маңызды мәселелерге баса мән беруге шақырды. 

Ұлттық ұланның тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі бас басқармасының бастығы Александр Крамар жеке құраммен тәрбие, психологиялық және идеялогиялық жұмыстарды жаңғырту бағытындағы бұйрықтың негізгі әрі маңызды тетіктерін қалай жүзеге асыру керектігін жеткізді.

Сонымен қатар жеке құраммен жұмыс істеудің негізгі нысандары мен әдістері талқыланып, әр офицер басшылық құжаттарды қаншалықты меңгергендіктері тексеріліп, жауынгерлік даярлықтың пәндері бойынша сынақтардан өтті.

Ұлттық ұлан ардагері Мұрат Атибеев Ұлттық ұландағы офицерлік жиынның қазіргі жағдайын әскери тәрбиешілермен кеңінен талқылады. Ал “Шығыс” өңірлік қолбасшылығы ардагерлер кеңесінің төрағасы Айдар Оразбаев әскерилер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жасалған профилактикалық жұмыстар туралы нұсқаулық-әдістемелік сабақ жүргізді.

Сонымен қатар “Қалқан” газеті мен “Бүркіт” журналы редакциясының аға офицері Қуаныш Қожахметов әскери тәрбиешілер бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс жасауда қандай негізгі қағидаларға мән беру қажеттігі турасында дәріс өткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру