Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысының полицейлері тұрғыннан жарылғыш заттарды тәркіледі

Ақтөбе облысының полицейлері тұрғыннан жарылғыш заттарды тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлеріне Шалқар қаласының тұрғыны өз үйінде жарылғыш заттарды сақтайтыны туралы жедел ақпарат келіп түсті.

24 тамызда “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 51 жастағы жергілікті тұрғынның тұрғылықты жерін тінту кезінде үйдің ауласындағы сарайдан жарылғыш тау-кен жұмыстары кезінде пайдаланылатын құбырлы оқ-дәрінің 3 данасы табылып, тәркіленді. Ер адам оны 10 жыл бұрын тау-кен жарғыштарынан сатып алғанын түсіндірді. Сараптама тағайындалды.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабының 3-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру