Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда жас полицейлер тергеу изоляторына барып қайтты

Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті кадр саясаты басқармасының психологтары жас полицейлер үшін тергеу изоляторына экскурсия ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавл қаласы полиция басқармасының әртүрлі қызметтері мен бөлімшелерінен 20-дан астам офицер мен сержант облыстық орталықтың Заречный кентінде орналасқан СҚО бойынша ҚАЖД-ға қарасты №66 мекемесіне барып қайтты.

Учаскелік инспекторлар, криминалистер, штаб қызметкерлері, полицей-жүргізушілер және тағы басқа қызметкерлер – қызмет өтілі 5 жылдан аспайтын 26 қызметкер тергеу изоляторына экскурсияға шақырылды. Экскурсияға қатысушыларды СҚО ПД кадр саясаты басқармасы бастығының орынбасары Александр Майер және кадр саясаты басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспектор-психологы Ләззат Ділдабаева алып жүрді. Жас полицейлердің өздері мойындағандай, бұл экскурсия олардың әрқайсысына үлкен әсер қалдырды және ұзақ уақыт есте қалатын болады.

– Жеке құрам арасында тәртіпті қатаң сақтау — басшылықтың тұрақты бақылауында. Мұндай нысандарға бару біздің қызметкерлерге полиция қызметкерінің мәртебесін беретін жауапкершілік пен сенім туралы тағы бір рет ойлануға негіз болады. Осы және басқа да іс-шаралармен біз, жеке құрамға заңдылықты мүлтіксіз сақтау қажеттілігін жеткіземіз, сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті, антты сақтауды, халыққа және мемлекетке адал қызмет етуді сіңіреміз, – деп атап өтті СҚО ПД бастығының орынбасары Сәуле Андағұлова.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру