Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысының полицейлері жол қозғалысына байланысты 496 іс-шара өткізді

Жамбыл облысының полицейлері жол қозғалысына байланысты 496 іс-шара өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол және техникалық инспекциялар бөліністері 1 қыркүйек қарсаңында  жол-коммуналдық қызметтерімен бірлесіп, жалпы білім беру, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде және оларға іргелес аумақтарда жол-көше желісін пайдалану және жол қозғалысын ұйымдастырудың техникалық құралдары жағдайына қатысты 496 іс-шара өткізді.

Тексеру нәтижелері бойынша жергілікті атқарушы органдар мен жол мекемелеріне 496 ұйғарым жіберілді. 

“Абайлаңыз – балалар!” жедел алдын алу іс- шарасы шеңберінде жол қозғалысын ұйымдастыруға қатысты 286 техникалық құрал орнатылып, жалпы білім беру мекемелерінің алдындағы 484 метрден астам жасанды жол төсенімдері жаңартылды, сонымен қатар 558 жол учаскесінде жаяу жүргіншілер өткелдеріндегі жол белгілері жаңартылды.

Облыс аумағында 22 шақырымнан астам жаяу жүргіншілер жолы жөнделіп, елді мекендердегі  2,8 шақырым жол-көше желісі жасанды жарықтандырумен  жабдықталып, жолдың жүру бөлігінде 1.21 жол белгісін орнату жөніндегі жұмыстар  басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру