Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында шетелдік мас жүргізуші анықталды

Павлодар облысында мас күйде көлік басқарған Германия азаматы жүргізуші куәлігінен айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысының аумағында тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қылмыстың алдын алу, жолын кесу мақсатында “Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасы өткізілд. Нәтижесінде полицейлер 1224 құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде құқықтық тәртіп сақшылары мас күйінде көлік жүргізудің 19 дерегінің жолын кесті.

– Мысалы, түнгі патрульдеу барысында Тереңкөл ауылында тұруға ықтиярхаты бар Германия азаматы мінген Lexus RX 300 көлігін тоқтатты. Ол Тереңкөл ауылына қонаққа келіп, медициналық куәландыру нәтижелері бойынша “орта дәрежелі” мас күйінде көлік құралын жүргізген. Осы факт бойынша ұсталған адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Аудандық соттың шешімімен құқық бұзушыға 15 тәулік мерзімге қамауға алу және 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды, – деді жергілікті полиция қызметінің бастығы Берік Қаткенов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру