Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да Білім күнінде 350-ден астам полицей қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жатыр

СҚО-да Білім күнінде 350-ден астам полицей қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстікқазақстандық полицейлер жаңа оқу жылын әдеттегідей күшейтілген түрде қызмет атқарудан бастады. Білім күні бірінші сыныпқа, даярлық топтарына барған бүлдіршіндер мектеп табалдырығын алғаш аттаса, оқушылар мен студенттер білім ошақтарына қайта оралды.

1 қыркүйек күні СҚО полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының басшылығы мен қызметкерлері “Абайлаңыз, балалар!” жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде Н.Погодин атындағы орыс драма театрының алдындағы салтанатты жиналысына қатысты. Оқушылар мен олардың ата-аналарының алдында жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Григорий алғы сөз сөйледі. Ол жол жүрісі қағидаларының мүлтіксіз сақталуын атап өтіп, жиналғандарға мықты денсаулық, сәттілік және оқу жылының жемісті өтуін тіледі.

Дәл осы уақытта Мұрат Айтхожин атындағы №1 орта мектепте СҚО ПД бастығының орынбасары Еңбек Сембин жоғары сынып оқушыларымен кездесіп, құқықтық сағат өткізді. Қылмыстық құқық бұзушылықтың құрбаны болмау үшін не істеу керек; қылмыс болған жағдайда қайда жүгіну қажет; қылмыстық жауапкершілік қай жастан басталады; есірткі қылмысы мен интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл – осының барлығын СҚО ПД бастығының орынбасары егжей-тегжейлі түсіндіріп берді. Кездесу соңында Еңбек Сембин жоғары сынып оқушыларына ҚР ІІМ жоғары оқу орындарында білім алудың артықшылықтары туралы айтып, ішкі істер органдарында қызмет атқаруға шақырды.

Осындай кездесулер облыстың басқа мектептерінде де өтті.

СҚО-да Білім күнінде қоғамдық тәртіпті қамтасыз етуге 350-ден астам полиция қызметкері жұмылдырылды, 466 мектептің жанында жол қауіпсіздігін 120 астам көлік автопатруль қамтамасыз етті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру