Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысының ҚАЖД қызметкерлері Мемлекет басшысының Жолдауын тыңдады

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев “Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары” атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Мемлекет басшысы өз сөзінде жыл сайын халыққа арнаған Жолдауын Парламент сессиясының ашылуында жариялайтынын айтып, бүгінде бұл жақсы дәстүрге айналғанын атап өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облыстық ҚАЖД-ға қарасты №26 түзеу мекемесінің басшы және жеке құрам қызметкерлері Мемлекет басшысының Жолдауын тыңдады. Тәртіп сақшылары Президенттің әрбір бастамасы егемен елімізді өркендетуге бастайтынын жеткізді. Құқық қорғау қызметкерлері кез келген қылмыстың өтеуі жаза екенін алға тартып, Қасым-Жомарт Кемелұлы айтқандай, даладағы, көшедегі вандализм, кейбір азаматтарымыздың тәртіпсіздігі, мәдениетсіздігі, неше түрлі тұрмыстық жанжалдар еліміздің халықаралық аренадағы абыройына нұқсан келтіреді дейді.

– Қай уақытта да Президент Жолдауының маңызы зор. Себебі, тәуелсіз еліміздің тұғыры биік болуы үшін барлық қажетті шараларды қамтитын құжатта ел болашағын бағдарлап аламыз. Жалпы, заңды сақтау, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету – баршаның міндеті. Біз, құқық қорғау органдарының өкілдері бұл тұрғыда бар күш-жігерімізді жұмсап, антымызға адалдық танытарымыз хақ. Мемлекетіміздің қазіргі даму үлгісін түбегейлі өзгерту мақсатында жұмыла жұмыс істеуіміз қажет-ақ. Сонда ғана Президент айтқандай, көздеген мақсатымызға жету жолында кездескен кедергілердің бәрін жеңеміз, – дейді мекеме бастығының міндетін атқарушы Бағдат Байтуреев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру