Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында ҚАЖД қызметкерлері қарттарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады

Жамбыл облысында ҚАЖД қызметкерлері қарттарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті және оған бағынысты түзеу мекемелерінің басшы және жеке құрам қызметкерлері қарттарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Бұл күні тәртіп сақшылары Тараз қаласындағы №2 қарттар үйіне арнайы барып, ондағы ардагер қарияларға сый-сияпаттарын табыс етті.

– Сіздер кейінгі ұрпақты ізгілік пен мейірбандылыққа, Отанымызға адал қызмет етуге, айналадағы адамдардың өмірге, қоғамға деген оң көзқарасын қалыптастыруға үйретіп келдіңіздер. Мемлекет еш уақытта сіздерді қамқорсыз қалдырмайды, біз қарияларымыздың алдында қарыздармыз, – деді өңірлік ҚАЖ департаментінің бастығы Жәнібек Қосжанов.

Қарттар үйінің тұрғындары тәртіп сақшыларына шынайы ризашылығын білдіріп, баталарын берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру