Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО ПД-да ведомствоның мамандары мен техникалық қызметкерлері марапатталды

СҚО-да облыстық полиция басшылығы ведомствоның мамандары мен техникалық қызметкерлерін келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің басшылығы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді және ведомствоның техникалық қызметкерлерін келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады. Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті бастығы Айдын Қабдұлдинов 15 маманды алғыс хаттармен марапаттады.

Полиция департаменті – өңірдегі ең ірі құқық қорғау ведомстволарының бірі. Тәулік бойы, демалыссыз полицейлер қылмыспен күреседі, қоғамдық тәртіпті қорғайды және халық пен мемлекеттің игілігі үшін қызметтік міндеттерді орындайды. Жедел уәкілдер, тергеушілер және басқа да қызметтердің қызметкерлері алдыңғы шепте тұрғанда – шаруашылық және басқа да көптеген мәселені орындау сапасы үшін жауапкершілік тылдық, қаржылық, құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімшелерінің тәжірибелі мамандарына жүктеледі. Мереке қарсаңында олардың барлығын облыстық полиция басшылығы мен жеке құрамы жылы құттықтады.

Сыйлық ретінде – үрмелі аспаптар оркестрі мен полиция департаменті мәдени орталығының қызметкерлері орындаған жарқын музыкалық нөмірлер бағдарламасы болды. Соңында мамандар ұйымдастырушыларға олардың еңбегін жоғары бағалағаны үшін алғыстарын білдірді.

Барлық мереке күні полиция офицерлері мен сержанттары дәстүрлі түрде қызмет атқарудың күшейтілген нұсқасында өткізіп, өңірдің жерлестері мен қонақтары үшін тыныш және жайлы демалыс күндерін қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру