Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облыстық ҚАЖД мекемесінде “Үздік жасақ бастығы” анықталды

Жамбыл облыстық ҚАЖД мекемесінде “Үздік жасақ бастығы” анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде дәстүрлі түрде өтетін “Үздік жасақ бастығы” байқауы өз мәресіне жетті. Бұл байқауда облыстық ҚАЖД-ға қарасты 5 мекемеден сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің қызметкерлері бақ сынасты.

Тартысты өткен сайыстың 4 кезеңінің қорытындысы бойынша №26 түзеу мекемесінің жасақ бастығы Руслан Балықбаев үздік деп танылды. Ол өзіне тән көшбасшылық қасиеттерін, кәсіби даярлығы мен алғашқы медициналық көмек көрсетуде біліктілігін көрсетіп, ситуациялық сұрақтарға мүдірмей жауап берді.

Байқау соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталармен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру