Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе заң институты “Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!” акцияcын ұйымдастырды

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты “Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!” атты акция ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

25 қарашадан 10 желтоқсанға дейін Қазақстанда “Әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн” республикалық акциясы өткізіліп жатыр. Оның негізгі мақсаты – отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін өзектендіру, халыққа кеңінен отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқыққа қайшы әрекеттер жасағаны үшін өз құқықтары мен жауапкершіліктерін түсіндіру, құқықтық, әлеуметтік (медициналық, психологиялық және т.б.) тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсету.

Қазақстан Республикасы ІІМ Малкеджар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты аталған акцияға облыстық деңгейде қатысып жатыр. Қызметкерлер дайындалған буклеттерді таратып, азаматтарға отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылықтар жасағаны үшін құқықтық жауапкершілікті түсіндіреді, мемлекеттік ұйымдарда, базарлар мен сауда үйлерінің аумағында, қоғамдық орындарда кеңес береді.

Мәселен, 2 желтоқсанда қалалық “Керуен” ойын-сауық орталығының аумағында “Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!” іс-шарасы өткізілді. Іс-шараның мақсаты – тұрғындардың назарын отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесіне аудару, азаматтарға отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқыққа қайшы әрекеттер жасағаны үшін өз құқықтары мен жауапкершіліктерін түсіндіру, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына құқықтық, әлеуметтік (медициналық, психологиялық және т.б.) көмек көрсету болды. СОО-да әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың барлық түрлеріне төзбеушілікпен қарауға шақыратын институттың дайындаған плакаттар ілінді. Ақпаратты қабылдауды күшейту үшін слайдтар мен роликтердің демонстрациялары, сондай-ақ қаланың шақырылған әртістерінің қойылымдары ұйымдастырылды.

Іс-шараға Ақтөбе қаласы әкімі жанындағы тұрғын үй және отбасылық-демографиялық саясат істері жөніндегі комиссияның мүшелері, облыстық филармонияның әртістері, зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсету дағдарыс орталықтарының қызметкерлері, ҮЕҰ және қоғамдық өкілдері белсенді қатысты. Ойын-сауық орталығының әртүрлі бұрыштарында мамандар азаматтарға тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына психологиялық және құқықтық қолдау көрсету мәселелері бойынша кеңес берді.

Институттың алғашқы кәсіби даярлық курсының қызметкерлері мен тыңдаушылары азаматтарға тұрмыстық зорлық-зомбылықты тану, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқыққа қайшы әрекеттер жасағаны үшін қандай құқықтық жауапкершілік көзделгені, тұрмыстық зорлық-зомбылық жасалған жағдайда жәбірленушіге не істеу керектігі, көмек сұрауға қайда жүгіну керектігі сияқты мәселелерді түсіндірді, азаматтарға шұғыл көмек көрсететін қызметтердің телефондары көрсетілген “Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендердің іс-қимыл алгоритмі” парақшалары таратылды.

Институт басшылығы іс-шараға белсенді қатысқаны үшін “Керуен” ойын-сауық орталығының басшыларына, зорлық-зомбылықтан әйелдерді қолдау дағдарыс орталығының директоры Д.Қарабалинаға, “Аналар үйінің” үйлестірушісі М. Өтегеноваға, “Дәріс Ақтөбе” ҮЕҰ басшысы Г.Идигееваға, Ақтөбе облыстық филармониясының басшылары мен әртістеріне алғысын білдірді.

Жауап қалдыру