Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда Тәжікстан мен Өзбекстанның 30 азаматы елден шығарылды

Тәжікстан мен Өзбекстанның 30 азаматы ҚР-ның көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін елден шығарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы барысында заңсыз жүргендерді анықтады.

Қалада іс-шараның 18 күнінің ішінде еліміздің көші-қон заңнамасын бұзған  2 380 адам анықталды, олардың 813-і шетелдік азаматтар. Олар ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ПД-ның қабылдап-таратуына жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 387 шетел азаматы орналастырылды. Сонымен қатар шетелдіктердің Қазақстанда болуының заңдылығын қамтамасыз етпеген 349 азаматқа қатысты әкімшілік шара қолданылды, – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Сондай-ақ полиция қызметкерлері жақында 30 құқық бұзушыны мемлекеттік шекараға жеткізуді ұйымдастырды. Осы мақсаттар үшін көп орындықты автобус қарастырылған.Олар «Жібек жолы» бақылау-өткізу бекетінде мемлекеттік шекараға дейін жеткізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру