Алматыдағы базарда кәмелетке толмаған Тәжікстан азаматтары анықталды
Алматыдағы базарда кәмелетке толмаған Тәжікстан азаматтары анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматылық көші-қон қызметінің мәліметінше, “Учаске” іс-шарасы аясында қаланың орталық киім базарына іргелес аумақ тексерілді.
– Алатау ауданында жеке басын куәландыратын құжаты жоқ 39 шетелдік анықталды, оның 36-сы Тәжікстан азаматы. Оның 18-і кәмелеттік жасқа толмаған. Бұл – 16-17 жас аралығындағы жасөспірімдер. Жасөспірімдер тиісті шара қолдану үшін аудандық ПБ-ның ювеналды полиция бөліміне жіберілді. Жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ шетелдіктер ПД-ның қабылдап-таратуына орналастырылды, – деп хабарлады Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.
Алматыда осы күндері “Учаске” жедел алдын алу іс-шарасы жүргізіліп жатқаны бұған дейін хабарланған болатын. Оның мақсаты – шетел азаматтарының қылмыс жасауының алдын алу.