ШҚО-да камералардың көмегімен 13 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды
ШҚО-да камералардың көмегімен 13 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, – де хабарлайды Polisia.kz.
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, қылмыстардың алдын алу және жолын кесу мақсатында ШҚО ПД Өскемен қаласы ПБ жедел басқару орталығының қызметкерлері қозғалыс қарқыны жоғары көшелер мен адамдар көп жиналатын орындарға орнатылған бейнекамералардың көмегімен түрлі құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың жолын кесті.
Осы жылдың басынан бастап бейнежазбаның көмегімен 115 қылмыс ашылды, оның ішінде: 47 ұрлық, 15 көлік айдап әкету, 9 тонау және 6 бұзақылық.
Бұдан басқа, 12 867 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде 3909 ұсақ бұзақылық, 683 спирттік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйде жүру фактісі, 5200 жол қауіпсіздігі желісі бойынша құқық бұзушылық анықталды.
Қазіргі уақытта облыс орталығында 5000-нан астам бейнебақылау камералары жұмыс істейді, олар ПД жедел басқару орталығына шығарылған. Әрбір мониторға бейнені тұрақты бақылауды жүзеге асыратын бейнебақылау инспекторы бекітіліп, соның арқасында қылмыскерлерді ізін суытпай ұстауға болады.