ШҚО азаматы үйінің ауласында қарасора өсірген
ШҚО тұрғыны үйінің ауласында қарасора өсірген, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алтай АПБ-нің қызметкерлері “Қарасора – 2023” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында есірткі заттарын сақтады деген күдікпен ер адамды анықтады.
Күдіктінің үйінің ауласын тінту кезінде есірткіге ұқсас өсімдік табылды.
Сараптама қорытындысына сәйкес, заттай дәлелдемелер ретінде алынған бұталар 690 грамм болатын қарасора болып шықты.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 300-бабы 1-бөлігі (Құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.