Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысының тұрғыны 6 жыл бойы баласына алимент төлемеген

Жамбыл облысының тұрғыны 6 жыл бойы баласына алимент төлемеген. Осы дерекке қатысты қылмыстық іс басталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға облыстың 37 жастағы тұрғынына қатысты аудан прокуратурасынан оны қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы материал келіп түсті, өйткені 2017 жылдан бастап ер адам өзінің кәмелетке толмаған баласын асырауға алимент төлеу жөніндегі міндетін атқармаған. Құқық бұзушының берешегі үш миллион теңгеден асыпты.

Бұған дейін ол ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот қаулысымен үш тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.

Сондай-ақ бұл азаматқа жеке сот орындаушысы халықты жұмыспен қамту орталығында түрлі бос жұмыс орындарын ұсынған, алайда жоғарыда аталған азамат ешқандай да себепсіз жұмысқа орналасудан бас тартыпты.

Қазіргі уақытта баланы күтіп-бағуға қаражат төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау дерегіне қатысты ҚР ҚК-нің 139-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Бұл баптың санкциясы 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмысқа тарту не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру