Цифрлық кеңістіктегі қауіпсіздік
Цифрлық кеңістіктегі қауіпсіздікті сақтаудың маңызы туралы жаңа бейнеролик шықты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті «Кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығы» ЗТБ-мен бірлесіп ақпараттық қауіпсіздік (киберқауіпсіздік) және дербес деректерді қорғау сұрақтары бойынша бейнероликтер әзірледі.
Үздіксіз цифрлық трансформацияны ескере отырып, киберқауіпсіздік және ақпараттық гигиена мәселелері туралы хабардар болу – әрбір азамат үшін маңызды.
Бұл бейнематериал азаматтардың цифрлық кеңістікте өз қауіпсіздігін сақтаудың маңыздылығы туралы білімін кеңейтуге, оларды негізгі сақтық шараларымен және интернеттегі жауапты мінез-құлықпен таныстыруға мүмкіндік береді.