Елордалық полицейлер автокөліктен ұрлық жасаған ТҚС жұмысшысын ұстады
Елордалық полицейлер автокөліктен ұрлық жасаған ТҚС жұмысшысын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сарыарқа ауданының ПБ қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде автокөліктен жасалған ұрлыққа қатысы бар 47 жастағы қала тұрғынын анықтады.
Тергеу барысында, ер адам Шыңтас көшесінде орналасқан техникалық қызмет көрсету станциясында жұмыс істейтіні белгілі болды. Жәбірленуші жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін Hyndai Accent автокөлігін аталған ТҚС-ға бірнеше күнге қалдырып кеткен.
Клиенттің сенімін пайданаланып, күдікті автокөліктен домкрат, компрессор, құралдар жинағын және тағы басқа да құралдар мен автобөлшектерді алып кеткен. Барлық ұрланған заттарды бейтаныс адамдарға сатып жіберген. Келтірілген материалдық шығын 120 мың теңге.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адамның елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.