Жамбыл облысында притон мен жеңгетайлықты ұйымдастырған күдіктінің ісі әшкере болды
Жамбыл облысында притон мен жеңгетайлықты ұйымдастырған күдіктінің ісі әшкере болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Stop трафик» жедел алдын алу іс-шарасы шеңберінде Жамбыл облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел ақпаратты іске асыру кезінде клиенттерге ақша үшін қыздардың интимдік қызметтерін ұсынған кафелерді анықтады.
Заңсыз қызметті ұйымдастыруда ойын-сауық мекемесінің әкімшісі күдікті ретінде ұсталды.
50 жастағы әйелге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 309-бабы 1-бөлігі (Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Ұсталған адам өз кінәсін толығымен мойындады, қазіргі уақытта келу туралы міндеттемемен босатылды.
Қолма-қол ақша және телефон түріндегі заттай дәлелдемелер алынды.