Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да 3 күнде жылдамдықты асырудың 201 фактісі тіркелді

СҚО полицейлері 3 күнде жылдамдықты асырудың 201 фактісін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО полицейлері ЖҚЕ-нің жиі болатын бұзушылықтарын атады. Тәртіп сақшылары Солтүстік Қазақстан жолдарында үш күндік “Жол-көлік оқиғасын тоқтату” акциясын өткізді. Акцияның мақсаты – апаттылыққа тікелей әсер ететін ЖҚЕ өрескел бұзушылықтарын анықтау және жолын кесу.

Облыстың географиялық орналасуына және оның аумағындағы транзиттік көліктің көптігіне байланысты республикалық және облыстық маңызы бар автожолдардағы қозғалыс қауіпсіздігіне ерекше назар аударылды. Ең жиі бұзушылықтар – жылдамдықты арттыру, оған 201 жүргізуші жол берген. Бұзушылықтардың анти-рейтингінде екінші және үшінші орын дәстүрлі түрде қауіпсіздік белдіктері мен рөлде телефонмен сөйлесу болды: сәйкесінше 155 және 93 факт. Полицейлер бұл бұзушылықтардың екеуі де өрескел санатқа жататынын, ЖКО мен ауыр зардаптардың туындау қаупін арттыратынын еске салады.

– Сондай-ақ облыс жолдарында жол қауіпсіздігін нығайту бойынша мақсатты жұмыстың нәтижесінде 28 мас жүргізуші ұсталды. Бұдан басқа, жолды белгіленбеген жерден немесе бағдаршамның тыйым салу сигналына өткен 304 жаяу жүргінші жауапқа тартылды. Жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтау жол қауіпсіздігінің жалғыз кепілі екенін еске сала отырып, қозғалыстың барлық қатысушыларына өтінішпен жүгінеміз, – СҚО ПД ЖПҚ басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру