Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында жұмысшыны тоқ соғып, мерт болды

Ақмола облысында жұмысшыны тоқ соғып, мерт болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

10 қазанда Аршалы ауданының полиция бөліміне аудан кәсіпорындарының бірінің басшысынан нысанда электрик-реттеуші қаза тапқаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы, қайтыс болған 56 жастағы қызметкердің экскаваторды электр қуатынан ажыратпай, 6 мың вольтты электр тоғына түскені белгілі болды.

Осы фактіге қатысты полиция бөлімі ҚР ҚК-нің 156-бабы 3-бөлігі бойынша (Қауіпсіздік техникасы қағидаларын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қайғылы оқиғаның барлық жағдайлары белгіленіп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру