Ақмола облысының тұрғыны қоршалған аумақтан 4 трансформатор ұрлаған
Ақмола облысының тұрғыны қоршалған аумақтан 4 трансформатор ұрлаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Аршалы аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторына 20 жастағы жігіт 6 қазан мен 1 қазан аралығында аралығында белгісіз адамдар қоршалған аумақтан кіріп, 4 трансформаторды ұрлап кеткенін айтты. Залал сомасы 4 млн теңгені құрады.
Осы фактіге қатысты полицейлер ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады.
Учаскелік қызмет көрсетілетін аймақта жағдайды жақсы білуі полицейлерге күдіктіні тез есептеуге көмектесті. Ол трансформаторларды Астана қаласына алып кеткен жәбірленушінің танысы болып шықты.
38 жастағы ер адам өз кінәсін мойындады.