Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да бес күн ішінде 33 мас жүргізуші анықталды

СҚО-да бес күн ішінде 33 мас жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыста «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілген 5 күн ішінде мыңнан астам қараусыз қалған үй, 257 саяжай және 610 жалдамалы пәтер тексерілді. ЖПІШ шеңберінде қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған міндеттердің кең ауқымы шешілді. Есепке алынған адамдарға тексеру жүргізілді, көші-қон заңнамасын, жол қозғалысы ережелерін сақтау, тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерін анықтау және тағы басқа да жұмыстар күшейтілді.

Атап айтқанда, мерзімінен бұрын босату шарттарының 18 бұзылуы, сот белгілейтін мінез-құлыққа қойылатын ерекше талаптардың 24 бұзылуы анықталды. Сондай-ақ 5 күн ішінде отбасылық өмір саласында 95 құқық бұзушылық және түнде тыныштықты бұзудың фактісі тіркелген.

– Қоғамдық орындарда құқықтық тәртіпті сақтау мәселелері басты назарда болды. Ішімдік ішкені немесе мас күйінде болғаны үшін 326 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Түнгі рейдтер барысында түнгі уақытта үйден тыс жерде заңды өкілдерсіз болған 68 жасөспірім анықталды. Айта кетейік, ЖПІШ кезеңінде 341 қолайсыз отбасы тексерілді. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамаудың 29 фактісі анықталды, – деді СҚО ПД ЖПҚ басқарма бастығының міндетін атқарушы Александр Розбах.

ЖПІШ тағы бір маңызды екпіні жол қауіпсіздігін нығайту болды. Жылдамдықты асырудың 136 фактісі, жаяу жүргіншілер өткелдерінің жүру ережелерін бұзудың 35 фактісі анықталды. Әкімшілік қамауға алу және 7 жылға басқару құқығынан айыру, көлік құралын мас күйінде басқаруға жол берген 33 жүргізушіге қаупі төніп тұр.

19-20 қазан аралығында криминалдық полиция қызметкерлері «Айдап әкету» ЖПІШ жүргізді, оның барысында өткен жылдар санатындағы қылмыс анықталды, сондай-ақ сәйкестендіру нөмірлерімен Mitsubishi автокөлігі және жалған құжаттары бар Mercedes автокөлігі анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру