Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтауда есірткіні заңсыз сақтаумен, өткізумен айналысқан күдікті ұсталды

Ақтауда есірткіні заңсыз сақтаумен, өткізумен айналысқан күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

31 қазан күні сағат 20:40 шамасында келіп түскен жедел ақпаратқа сәйкес, жедел-іздестіру шараларын өткізу барысында Маңғыстау облысы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасы қызметкерлерімен Ақтау қаласы 7 шағын ауданда орналасқан үйлердің бірінде есірткіні заңсыз сату, сақтау және тасымалдаумен айналысқан азамат ұсталды.

Жеке тінту жұмыстарын жүргізу кезінде марихуана есірткі затына ұқсас жасыл түсті өсімдігі бар 1 қағаз бума тәркіленді. Сондай-ақ күдіктінің пәтерінен марихуанаға ұқсас өсімдігі бар екі қағаз жинақ пен соны қолдануға арналған булбулятор табылып, тәркіленіп алынды.

Тәркіленген заттардың жалпы көлемі 8,81 граммды құрайды.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. 21 жастағы күдікті азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру