Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысының полицейлері кәмелетке толмағандардың 250-ден астам құқық бұзушылығын анықтады

Абай облысының аумағында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 26 қазан мен 2 қараша аралығында облыс аумағында айында «Мектеп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Мектеп» ЖПІШ кезеңінде 304 орта білім беру мекемесі мен 35 колледж қамтылып, бұқаралық ақпарат құралдарында құқықтық тақырыпта 343 дәріс оқылып, 153 жарияланым жарияланды.

Жедел алдын алу іс-шарасының нәтижесінде білім беру ұйымдарына іргелес аумақта әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 82 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 78-і ересектер, 4-еуі кәмелетке толмағандар. Сондай-ақ жедел алдын алу іс-шарасының өткізілген кезде Абай облысының ювеналды полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандар жасаған 250 астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады.

Ата-аналардың кәмелетке толмағандар балаларды тәрбиелеу және күтіп-бағу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін 23 заңды өкіл жауапқа тартылды. 6 кәмелетке толмағандар «Кәмелетке толмағандардың бейімдеу орталығына» орналастырылды. 3 кәмелетке толмағандар және 9 қолайсыз отбасы анықталып, олар дереу ішкі істер  органдарына есепке алынды.

Рейдтік іс-шаралар барысында түнгі уақытта кәмелетке толмағандардың ата-анасының еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде болуының 231 фактісі анықталды.

Оқушылар арасында құқыққа қарсы бағыттағы жастар топтарының 4 көшбасшылары анықталды. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауға және жасөспірімдер қылмысының жолын кесуге бағытталған профилактикалық жұмыстарды ұйымдастыру тұрақты негізде жүргізіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру