СҚО-да жоғары сынып оқушылары полиция қызметінің артықшылығымен танысты
СҚО-да жоғары сынып оқушылары полиция қызметінің артықшылығымен танысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
СҚО ПД арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасының қызметкерлері Петропавлдағы №8 мектептің акт залында 10-11 сынып оқушыларымен кездесті. Кездесу тақырыбы полицияға қызметке кірудің шарттары болды.
Арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасының инспекторлары Айдана Аяпбергенова мен Серафима Окишева мемлекеттің құқықтық тәртіпті күзететін адамдарға көрсеткен қолдауы туралы айтып берді. ҚР ІІМ жоғары оқу орындарында оқу тегін, курсанттар толық киіммен қаматамасыз етіледі, оқу аяқталғаннан кейін жұмысқа орналасуға кепілдік беріледі.
– Полиция қызметкерлеріне жақсы әлеуметтік жағдайлар және тұрақты өсу мүмкіндігі қамтамасыз етілед. Мұның бәрі тілек пен жұмыс істеу қабілеттілігіңізге тікелей байланысты. Полиция қызметі спорттан бастап ғылыми қызметке дейін өзін-өзі дамытуға көптеген мүмкіндік береді. Ең бастысы – адамдарды қылмыстан қорғау және құқықтық тәртіпті сақтау бойынша борышты адал атқаруі, – деді Айдана Аяпбергенова.
Жасөспірімдер қабылдау шарттары туралы сұрақтар қойды. Полицейлер дене шынықтыруға қойылатын талаптар, өсу шегі туралы хабардар етті (ұлдар үшін бойы 170 см, қыздар үшін 160 см болуы қажет). Міндетті талаптардың қатарына үміткер мен оның жақын туыстарының соттылығының болмау қажеттілігі жатады. Сұхбат нәтижелері үлкен маңызға ие болады, оның барысында мамандар полиция қызметіне үміткердің күйзеліске төзімділігі мен ынтасын бағалауға тырысады.
Солтүстік Қазақстан полициясының бөлімшелері оқу орындарының оқушыларымен кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді. Мұндай кездесулер жастар арасында заңға деген құрмет пен құқықтық сауаттылықты арттыруға ықпал етеді.
Полицияға жұмысқа орналастырудың барлық мәселелері бойынша солтүстікқазақстандықтар СҚО ПД кадр саясаты басқармасына Алматы көшесі, 55 немесе 8 (7152) 61-26-68, 61-26-56 телефондары бойынша жүгіне алады.