Алматы облысында сотталғандар медициналық тексерістен өтті
Қонаев қалалық көпсалалы аурухана мамандары Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД №12 мекемесіндегі сотталғандарды медициналық тексеруден өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жазасын өтеп жатқан ер азаматтарды тексеруді тәжірибелі және білікті дәрігер-мамандар жүзеге асырды. Сонымен қатар Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы жылжымалы диагностикалық медициналық кешен ұсынды. Онда сотталғандарға ультрадыбыстық зерттеулер мен кеуде қуысының органдарын тексеру жүргізілді. Тексеру кезінде оларға әртүрлі диагноздар қойылып, медициналық ұсыныстар тағайындалды, ал кейбіреулері әрі қарай тиісті жоспарлы емдеу үшін диспансерлік есепке алынды.
– Мұндай іс-шаралар ауруларды уақытылы анықтау және оларды емдеу бойынша жұмысты жеңілдетеді. Барлығы 200-ге жуық сотталған тексеруден өтті. Жазасын өтеушілерді медициналық тексеру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табатын болады, – деп атап өтті ҚАЖД бастығының орынбасары Ерлан Ұзақов.