Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда полиция қызметкерлері арасында қазақша күрестен турнир өтті

Алматыда полиция қызметкерлері арасында қазақша күрестен турнир өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыда жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың 35 жылдығына орай ауқымды спорттық іс-шара ұйымдастырылды. Бұл шара абсолютті салмақ дәрежесінде жекпе-жек өнерінің әртүрінен кандидаттар мен спорт шеберлерін, яғни 35 спортшының басын қосты.

Турнир қорытындысы бойынша 1-орынды полиция аға инспекторы Райымбек Есдәулетов иеленсе, 2-орын полиция аға инспекторы Ербосын Байсеркеевке бұйырды. Ал 3-орынды полиция инспекторы Мейірхан Алдабеков иеленді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру