Ұлытау облыстық полиция қызметкерлері ұйымдасқан алаяқтар тобының қызметін тоқтатты
Ұлытау облыстық полиция қызметкерлері ұйымдасқан алаяқтар тобының қызметін тоқтатты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Осы факті бойынша Сәтбаев қаласының ПБ ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі 1-тармағы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Криминалдық полиция қызметкерлерінің жедел қызметінің нәтижесінде 55, 36, 42 жастағы Сәтбаев қаласының үш тұрғыны ұсталды.
Алдын ала ойластырылған қылмыстық жоспарға сәйкес, күдіктілер 30 миллион теңгеге дейін несие алуға уәде берген екі апалы-сіңлілі және олардың құрбысы, азаматтардың сеніміне кіру арқылы ақшасын иемденген.
Полиция қысқа мерзімде алаяқтардың үштігін әшкерелей алды. Қазіргі уақытта жоғарыда аталған адамдарға қатысты 27 қылмыстық іс тіркелген, залалдың жалпы сомасы 20 млн теңгеден асады.
Қазіргі уақытта үш күдікті де Жезқазған қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.