Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық полицейлер төсек жабдықтарын сатамын деп алдаған тұрғынды қолға түсірді

Елордалық полицейлер төсек жабдықтарын сатамын деп алдаған тұрғынды қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Нұра аудандық полиция басқармасына қала тұрғыны арызбен жүгініп, интернет желісі арқылы оны белгісіз азаматшаның алдағандығы туралы хабарлаған. Белгілі болғандай, жәбірленуші Instagram қосымшасындағы “textile_opt.kz” парақшасынан көркі көз тартатын, әдемі төсек-жабдықтарды көрген. Оны сатып алмақшы болған. Осылайша, 70 мың теңге ақшаны аударып жіберген. Бірақ күткен тауар келмеген. Кейін, алданғандығын түсініп полицияға хабарласқан.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында, полиция қызметкерлері 40 жасар Жамбыл облысының тумасын анықтады.

Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру