Алматылық тәртіп сақшылары қалта ұрлығымен айналысқан 120 күдіктіні анықтады
Биыл алматылық тәртіп сақшылары қалта ұрлығымен айналысқан 120 күдіктіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Криминалдық полицияның арнайы тобы бұл санды 10 айлық жұмыстың қорытындысы бойынша келтіріп отыр. Ал «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы барысында жедел уәкілдер 44 қалта ұрысын ұстады.
– Олардың бірі – қоғамдық көлікте ұрлық жасап жүрген 63 жастағы И.есімді азамат. Қаскөй қарбалас уақытта кезекті ұрлығын жасауға шыққан. 201-бағыттағы қоғамдық көлікте ер адам жолаушының күртесінің қалтасынан Samsung телефонын ұрлап кеткен. Алайда оны жедел уәкіл ұстап алды. Күдікті қазір қамауда. Әуезов аудандық полиция басқармасында сотқа дейінгі тергеу басталды, – деп айтылды Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасында.
ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.