Астаналық азамат қаржы пирамидасының құрбаны болды
Астаналық азамат қаржы пирамидасының құрбаны болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицияға қала тұрғыны арызбен жүгініп, алаяқтық іс-әрекеттердің құрбаны болғанын хабарлаған. Жәбірленушінің айтуынша, оның танысы бірнеше жыл бойы үнемі жоғары табыс тауып отырған жоба туралы айтқан. Инвестициялық компанияның қызметін жарнамалай отырып, ол жәбірленушіге белгілі бір соманы салуды ұсынған. Пайда табуды көздеген ер адам 1 млн 300 мың теңге ақшасын берген. Біраз уақыт өткеннен кейін күткен табысын ала алмаған ол полицияға жүгінген.
Есіл ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында алаяқтыққа қатысы бар деген күдікпен 40 жастағы азаматшаны анықтады.
Әйелдің осыған ұқсас айламен бірнеше адамды алдағаны белгілі болды.