Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында балаларын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамаған ана жауапқа тартылады

Павлодар облысында балаларын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамаған ана жауапқа тартылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысында төрт кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін анасы ата-ана құқықтарынан шектеледі. Бұл ананың балаларына деген жауапсыз тәртібінің бір мысалы.

Әйел Успен ауданының полициясына қоңырау шалып, көмек сұраған. Оның айтуынша, бірге тұратын ер адам мас күйінде үйде жанжал шығарған. Келген полицейлер әйелдің досымен алкоголь ішкенін анықтады, осының негізінде бірге тұратын ер адам екеуінің арасында жанжал туындады.

– Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес әйел мен бірге тұратын ер адам орташа дәрежелі алкогольдік масаң күйде болған.

Бірге тұратын ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы 1-бөлігі (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) бойынша әкімшілік хаттама толтырды, материал сотқа жіберілді. Сотқа дейін бірге тұратын адам полиция бөлімінің УҰИ-де ұсталды, – дейді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар әйелдің асырауында төрт кәмелетке толмаған баласы бар екендігі анықталды. Шақырту барысында үйде тазалық жоқ екені, балалардың толыққанды тұруы үшін жағдайлар болмағаны анықталды. Осыған байланысты, кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу және білім беру, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін анасына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, материал сотқа жіберілді.

Сондай-ақ ананың тәртібі кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі аудандық комиссияның отырысында қаралды, онда ананы ата-ана құқықтарынан шектеу туралы шешім қабылданды. Білім беру органдары материалды сотқа дайындайды.

Бұдан басқа, 8 және 12 жастағы екі бала Павлодар қаласының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығына жіберіліп, екі және төрт жасар екі бала облыстық балалар үйіне орналастырылды.

Полиция ата-аналардың өз балалары үшін жауапкершілікте екенін және оларды тәрбиелеумен айналысуға, қамқорлық жасауға және тұруға қажетті жағдай жасауға міндетті екенін атап өтті. Отбасында қалыпты микроклиматтың болмауы және кәмелетке толмағандардың мінез-құлқын бақылаусыз ұстау жасөспірімнің қоғамға қарсы әрекет жасауына негіз бола алады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру