Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлер «Stop-трафик» ЖПІШ барысында 26 адамды есепке алды

Қызылордалық полицейлер «Stop-трафик» ЖПІШ барысында 26 адамды есепке алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыс аумағында атқарылған жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде адам саудасына байланысты 2 қылмыс тіркелсе, оның ішінде жеңгетайлықпен айналысудың бір дерегі анықталды.

Рейдтік іс-шараларды жүргізу нәтижесінде қоғамдық орында тиісудің 22 дерегі анықталып, Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 449-бабымен (Қоғамдық орындарда заттарды өзгеше тәсілмен сатып алу, сату, айырбастау немесе иемдену мақсатында кәсіпкерлік субъектісі болып табылмайтын адам жасаған, сондай-ақ бал ашу, қайыршылық, сексуалдық сипатта қызметтер көрсету не өзге де қызметтер көрсетуді күштеп таңу мақсатында тиісу, яғни мазалап өтініш білдіру) әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 450-бабы (Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну) бойынша бір азамат анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізу барысында 26 адам есепке алынды.
Бұл бағытта жұмыстардың жүргізілуі өз жалғасын табады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру