Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық тұрғынға ескі танысы несиенің пайыздық мөлшерлемесін төмендетуге жалған уәде берген

Елордалық тұрғынға ескі танысы несиенің пайыздық мөлшерлемесін төмендетуге жалған уәде берген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елорда тұрғыны полицияға жүгініп, ескі танысы оның 250 мың теңге ақшасын заңсыз иемденгені туралы арызданған.

Тергеу барысында ер адам жәбірленушіге банкте ықпалды таныстары барын айтып, қайта есептеу сылтауымен ай сайынғы несие төлемін төмендетуге уәде бергені анықталды. Күдіктінің сөздеріне сенген қыз оған ақша берген. Қолма-қол ақша алғаннан кейін ер адам байланысқа шығуды тоқтатқан.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Алматы ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері қаланың 33 жастағы тұрғынын күдікті ретінде құрықтаған.

Полиция оның тағы бір алаяқтық фактісіне қатысы бар екенін анықтаған. Ол қысқа уақытқа ноутбук қажет деген сылтаумен досынан гаджетті алып, содан кейін бірден ломбардқа өткізіп жібергені белгілі болған. Сөйтіп ақшаны өз қажеттілігіне жұмсап жіберген.

Аталған фактілерге қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ер адам мойындау көрсетпелерін берді, оның елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру