Петропавлда полицейлер мен партия өкілдері көпбалалы отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетті
Петропавлда полицейлер мен партия өкілдері көпбалалы отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қиын жағдайға тап болған көпбалалы отбасылар үшін айырымдылық акциясын Петропавл қаласының полиция басқармасымен бірлесіп, «Amanat» партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының қызметкерлері ұйымдастырды.
Полицейлер мен партиялықтар ең алдымен Ойқала ауданындағы отбасыға бас сұқты. Қонақтар отбасының проблемалары мен мұң-мұқтажын тыңдап, кеңестерін айтты. Азық-түлік әкеліп берді.
Сондай-ақ бұл күні полиция қызметкерлері мен «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері 5-Сенная мекенжайында тұрып жатқан көпбалалы отбасыға да барды. 38 жастағы әйел 3-тен 17 жасқа дейінгі бес баланы тәрбиелеп отыр. Ол кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторымен үнемі байланыста. Балалар қонақтардың келгеніне қуанып, шағын музыкалық бағдарлама ұйымдастырып қойған. Сыйлықтар үшін алғыстарын айтып, өнерлерін паш етті.
Қараша айының соңы мен желтоқсан айының басы аралығында ҚР ІІМ бастасымен «Зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні» деп аталатын кең ауқымды акциясын өткізілді. Полиция қызметкерлері жұртшылықпен және барлық мүдделі орган өкілдерімен бірлесіп, үлкен ақпараттық науқанды қолға алды. Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылық фактілері орын алған жағдайда жасалатын әрекеттердің алгоритмі түсіндірілді.
Петропавл қалалық ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімі құрамындағы әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы Әсем Ілиясованың айтуынша, көмекке мұқтаж отбасылардың үйлеріне барып, көзбе-көз сөйлесу өте тиімді. Мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірлесіп, пәтерлерді аралау – құқық бұзушылықтарды бақылауда ұстауға, жедел ден қойып, қиын жағдайларға тап болған адамдарға көмеатесуге мүмкіндік береді.
Тұрмыстық зорлық-зомбылықпен байланысты барлық мәселелер бойынша «150» республикалық желісіне, (7152) 61-25-30 нөмірі арқылы облыстық полиция департаментінің және 8 (7152) 49-31-58 нөмірі арқылы қалалық полиция басқармасындағы әйелдерді қорғау бөліністеріне жүгінуге болады. Бұдан бөлек, «111» тегін сенім телефонына хабарласып, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсету бағдарламалары туралы кеңес алуға болады. «102» телефоны да үнемі жұмыс істейді.