Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында демалыс күндері 42 қылмыс тіркелді

Демалыс күндері Ақтөбе облысының аумағында 42 қылмыс тіркелді. Оның ішінде 15 жеке мүлікті ұрлау, 14 алаяқтық және 2 бұзақылық дерегі бар, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сонымен қатар бұрын жасалған 7 қылмыс ашылып, іздеуде жүрген екі тұлға ұсталды.

Мысалы, 16 желтоқсанда Жилгородок базарында 65 жастағы зейнеткердің күртесінің қалтасынан Samsung телефоны ұрланған. Полиция қызметкерлері жедел іс-шараларды өткізу барысында 49 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ұрланған телефон тәркіленді. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

700-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық, оның ішінде 550-ден астам ҚР Жол қозғалысы ережелерін бұзушылық және мас күйінде көлік құралын басқарудың 5 фактісі анықталды.

Мысалы, Мұғалжар ауданының Ембі қаласында жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін Ваз-2121 автокөлігі тоқтатылды. Полицейлер 28 жастағы жүргізушінің бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырыла отырып, көлік құралын есірткіге мас күйінде басқарғанын анықтады.

Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру