Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері өзгенің үйіне ұрлыққа түскен күдіктіні құрықтады

Түркістан облысының полицейлері өзгенің үйіне ұрлыққа түскен күдіктіні құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ордабасы аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан арыз түсті. Ер адамның айтуынша, белгісіз біреу үйіне заңсыз кіріп, Samsung А22 телефоны мен Iphone 13 телефонын ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 420 мың теңгеден асады.

Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ізін суытпай осы іске қатысы бар 28 жастағы ер азамат анықталды. Күдікті ер адам жұмыссыз жергілікті тұрғын болып шықты.

Белгілі болғандай, түнгі сағат 04:30 шамасында күдікті үй ауласының қоршауынан секіріп өтіп, есігі құлыптанбаған тұрғын үйге кірген. Содан кейін ас бөлмесінде тұрған телефондарды жымқырып, оқиға орнынан ізін суытқан.

Алайда тәртіп сақшыларының жылдам әрекетінің арқасында қолды болған телефондар тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды.

Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру