Қызылордалық полицейлер ауыл тұрғынынан есірткі тәркіледі
Қызылордалық полицейлер ауыл тұрғынынан 1 келіден аса есірткі затын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс- қимыл басқармасының қызметкерлері және Сырдария аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен рейдтік жұмыстар жүргізіп жатыр.
Жедел шара барысында осы жылдың 21 желтоқсан күні полиция қызметкерлері Сырдария ауданы, Аманкелді ауылының 53 жастағы тұрғынының үйін тексеру барысында 6 полиэтилен пакетке оралған жасыл түсті заттар және 3 дана банка ыдысына салынған ерекше иісі бар шөп, 2 дана пластикалық ыдысқа салынған ерекше иісі бар шөп тәркіледі.
Сараптама қорытындысымен тәркіленген зат жалпы салмағы 1 келі 116 гр кептірілген марихуана екені белгілі болды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚҚ-нің 296-бабы 4-бөлігімен (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.