Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында күдікті алаяқтық жолмен тапқан ақшасын кұмар ойынға жұмсаған

Түркістан облысында күдікті алаяқтық жолмен тапқан ақшасын кұмар ойынға жұмсаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан қалалық полиция бөліміне арызданып келген жергілікті тұрғын алаяқтықтың құрбаны болғандығын жеткізді. Әйелдің айтуынша, таныс емес ер адам III-топтағы ұлы мен қызын II-топтағы мүгедектікке шығарып беремін деп сеніміне кіріп, 630 мың теңгесін алған.

Аталған факті ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді.

Хабар алысымен тәртіп сақышлар жедел әрекет етіп, тұрғынды алдап, ақшасын алып кеткен күдіктіні қолға түсіру бағытында қарқынды іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде күдіктінің жеке-басы анықталды. Ол 30 жастағы жергілікті тұрғын екені анықталды. Тексеру барысында күдікті ер адам жәбірленушіден алған ақшаны құмар ойынға жұмсап жіберген.

Қазіргі таңда күдікті ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру