Қызылорда облысында газ құбырларын ұрлаған күдіктілер қолға түсті
Қызылорда облысында газ құбырларын ұрлаған күдіктілер қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысы ПД-ның Шиелі аудандық полиция бөліміне ұрлық жөнінде арыз түскен. Белгісіз біреулер мекемеге тиесілі 3 метрден кесілген 54 газ құбырын ұрлап кеткен. Мекемеге жалпы 5 миллион теңгеден астам материалдық шығын келтірілді.
Полицейлермен жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде осы қылмысқа қатысы бар екі күдікті азамат анықталып, ұсталды. Ұрлық жасаған аудан тұрғындары болып шықты. Ұрланған құбырлар заттай дәлелдеме ретінде алынды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Күдіктілердің облыс аумағында болған осы тектес басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.