Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада жүргізуші куәлігінен айырылған азамат масаң күйде көлік басқарған

Елордада жүргізуші куәлігінен айырылған азамат масаң күйде көлік басқарған , – деп хабарлайды Polisia.kz.

Таңғы сағат 03:50-де полицейлер ВАЗ 2110 көлігін тоқтатып, оның тиісті құжаттарын тексеру кезінде 25 жастағы көлік жүргізушісінен алкогольдің өткір иісі шыққанын байқаған.

Тәртіп сақшылары медициналық сараптамаға жіберу барысында оның жеңіл мас болғаны расталған. Сондай-ақ патрульдік полиция полкінің қызметкерлері  2022 жылдың желтоқсан айында көлікті мас күйінде жүргізгені үшін ер адам 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылғанын да анықтаған. Алайда жүргізуші өзіне тиісті қорытынды жасамай, тағы да масаң күйінде рөлге отырған.

Қазіргі таңда аталған азаматқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы (Көлiк құралдарын басқару құқығынан айырылған және мас күйде адамның көлiк құралын басқаруы) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ол Астана қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру