Текелі тұрғынынан аса ірі мөлшерде марихуана тәркіленді
Текелі тұрғынынан аса ірі мөлшерде марихуана тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы Текелі қаласының тұрғынынан бір келіден астам кептірілген марихуана тәркіледі.
ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркеліп, іс шеңберінде күдіктінің тұрғылықты жері бойынша сотпен санкцияланған тінту жүргізілді.
– 27 жастағы тұрғынның үйін тінту барысында пакет, сондай-ақ есірткіге ұқсас заты бар алты газет бумасы табылды. Жүргізілген сараптама тәркіленген өнімнің жалпы салмағы 1,3 келі болатын кептірілген марихуана екенін көрсетті. Ер адам өзін ақтау үшін тәркіленген зат жеке қолдануға арналғанын айтқан, – деп хабарлады Жетісу облыстық ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.
Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп жатыр.