Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Конспирацияның жаңа деңгейі: полицейлер есірткі курьерлері кофе стақандарын пайдаланатынын айтты

Алматы полициясы есірткі курьерлері бетбелгі қою үшін кофе стақандарын пайдаланатынын айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы полициясы арнайы іс-шара барысында синтетикалық есірткіні көтерме сатушылар мен бөлшек саудада таратушыларды ұстады. Белгілі болғандай, олар жұппен жұмыс істеген.

– Бірнеше күн бұрын 27 және 29 жастағы алматы азаматтары ұсталды, олардан мефедрон синтетикалық психотроптық заты бар 36 бума тәркіленді. Арнайы іс-шаралар барысында жастар есірткіні тұрақты жеткізушілерден сатып алғаны анықталды. Бұл адамдар, белгілі болғандай, тек сенімді сатушылармен “жұмыс істеуді” жөн көрді. Қаскөйлердің жалға алған үйінен, атап айтқанда, тоңазытқыштан жалпы салмағы 2 келіге жуық ұнтақты зат салынған 745 бума табылды және тәркіленді. Ұсталғандар қылмыстарын мойындап, есірткіні көп мөлшерде Алматы облысының елді мекендерінен алғандарын айтты. Күдіктілер ірі көлемдегі есірткіні кофе стақандарына жасырған, – деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.

Қылмыстық істі Алмалы аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімі ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі бойынша тергеп жатыр. Ұсталғандар қамауға алынды. ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру