Полиция қызметкерлері алматылықтарды алдаған курьерді ұстады
Полиция қызметкерлері алматылықтарды алдаған курьерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицияның мәліметінше, Өзбекстан азаматы курьер ретінде келісімшартқа отырып, алматылықтарды алдаған. Мобильді қосымшалардың біріне тіркеліп, ер адам жеткізу үшін тауарды алған, бірақ оны межелі жерге жеткізбеген.
– Полицияға азаматтардан арыз-шағымдар түсе бастады. Курьер дер кезінде анықталып, ұсталды. Ол – 28 жаста. Қазіргі уақытта ұсталған азаматтың бұрын жасалған осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Сонымен қатар күдікті бұрын да мүліктік қылмыс жасағаны үшін сотты болған. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігіне (Алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.
ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.