Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Таразда полицейлер коммуналдық төлем түбіртегі арқылы интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізуде

Жамбыл облысының полицейлері азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және интернет-алаяқтықтың алдын алуға бағытталған кешенді жұмыстар жүргізуді жалғастырып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысы полиция департаментінің бастамасымен жергілікті тұрғындарды сумен жабдықтауға қатысты сыртқы жағында интернет-алаяқтықтың алдын алу жөнінде жадынама орналастырылған төлем түбіртегін ала бастады.

Жоба Тараз қаласы әкімдігінің, сондай-ақ “Тараз-су” мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының қолдауымен жүзеге асырылуда. Жадынамада пайдалы ақпарат берілген және алаяқтардың қалай әрекет ететіні, сондай-ақ азаматтар алдаудың құрбаны болған жағдайда не істеу керектігі туралы түсінікті түрде баяндалады.

– Бұл шаралар профилактикалық қызметпен үлкен аудиторияны барынша қамтуға мүмкіндік береді. Тәжірибе көрсеткендей, жоғары тәуекел тобына негізінен қаржылық сауаттылығы төмен зейнеткерлік жасқа жақындаған адамдар жатады. Алайда барлық санаттағы азаматтар да алаяқтардың құрбаны болуда. Біздің басты мақсатымыз – әлеуметтік желілерде белсенділігі төмен және қылмыскерлердің әрекетінен сақтандыратын бірқатар профилактикалық посттар мен жазбаларды көрмеген тұрғындарды хабардар етіп, ескерту. Бақытымызға орай, тұрақты негізде жүргізілген жұмыс өз жемісін беруде: өткен жылы біз интернет-алаяқтыққа қатысты 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,4%-ға төмендеуге қол жеткіздік. Қылмыскерлер өздерінің алаяқтық әрекеттерін әр уақытта жетілдіріп отыратындығын ескере отырып, біз халықпен түсіндіру жұмыстарын үздіксіз жалғастыратын боламыз. Азаматтарды хабардар ету алаяқтық әрекеттерден қорғауға мүмкіндік береді, – деді Жамбыл облысының ПД КПБ бастығы Мақсат Юсупов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру